❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

Болашақ журналистер кітапханада бас қосты

  • 23.02.2018
  • KZ
  • 31

image

Ақпан айының 21-шы жұлдызында Университетіміздің Әлеуметтік ғылымдар  факультетінің «Журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Көлеген Гүлбазар Батырханқызының жетекшілігімен  ФЖК-511(F) тобының білімгерлері Ғылыми кітапхананың «Мерзімді басылымдар бөлімінде» Sanat-kültür gazeteliciği пәні бойынша практикалық дәріс өткізді. Ғылыми кітапхананың библиографы А. Қамбарова мен  кітапханашы Г.Ділдабекова қордағы  мерзімді басылымдармен таныстырып, электронды каталогқа енгізілген мақалаларды  іздеу  және т.б атқарылып жатқан  жұмыстар жөнінде қысқаша   мағлұмат берді. Бұл практикалық дәрістің  мақсаты: болашақ журналистер қоғамның кез-келген саласына байланысты туындаған әрбір жаңа хабарларды ақпарат  жасай білуге үйрету.