❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

12-наурыз  Түрік ұлты Ән ұранының қабыданған күні

  • 12.03.2018
  • KZ
  • 40

image

Түркия Мемлекетінің  ұлттық әнұранының ресми қабылданғанына  97 жыл толуына орай Ғылыми кітапхана және Филология факультетінің «Тюркология» кафедрасының  ұйымдастыруымен іс-шара  өткізілді.  Іс-шараның  тақырыбын, мәнін ашып көрсету мақсатында  фойеде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Түркия тарихы, рәміздері, «Истиклал Маршының»  шығу тарихы және де әнұранның авторы,  Түркиядағы ұлт-азаттық соғысының көшбасшысы, ұлы ойшыл, ғұлама ақын  Мехмет Акиф Эрсойдың  еңбектері қойылып,  іс-шараға қатысушылардың қызығушылын оятты.