❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

  • 10.12.2018
  • KZ
  • 96

image

Желтоқсан айының 10-шы жұлдызында университетіміздің Ақпараттық-ресурстық орталығының фойесінде «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты үш бөлімнен тұратын ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тақырыпты тереңнен ашып, таныстыру мақсатында бірінші бөлімге «Желтоқсан алауы-Тәуелсіздік бастауы» қойылса, екінші бөлім «Барша халқымыздың ең басты құндылығы Тәуелсіздік» тақырыбына арналды, үшінші бөлім Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы  тәуелсіз еліміздің  жеткен жетістіктері  жайлы  әдебиеттермен  толықтырылды.