❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Ақпараттық-ресурстық орталығында 1-курс білімгерлерін кітапханамен таныстыру апталығы өтуде.

  • 21.09.2019
  • KZ
  • 101

image

21.09.2019ж. университетіміздің кітапханасында  өткен “Терең тарихтан-жарқын болашаққа” атты іс-шара барысында  Ақпараттық-ресурстық орталығының библиограф – кітапханашысы Жақсылықова Әсемгүл 1- курс  білімгерлеріне  заманауи талаптарға сай жабдықталған кітапханамызды таныстырды . Бірінші кезекте , кітапхананы пайдалану ережелерін,  әр сала бойынша, мамандықтарға сай іріктеліп қойылған оқу залдарының  қызмет көрсету мүмкіндіктерін, оқу – іздену барысында оқулықтар, ғылыми басылымдарды  пайдалануға және  3 тілде жасалған  кітапхана сайтындағы  электронды ресурстармен танысуға  жағдай жасалғандығын  атап өтті. Сонымен қатар, білімгерлердің бос уақытын тиімді пайдалануы үшін, білім мен өнерді  ұштастыру  мақсатында,  белсенді, өнерлі жастарды кітапхана жанынан құрылған “Руханият” клубының  мүшесі болуға шақырды.