❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Кітапханада ауызашар берілді

  • 20.03.2025
  • KZ
  • 271

image

Наурыз айының 19 жұлдызында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің кітапханасында кітапханашылар оқырмандарына арнап арнайы ауызашар берді. Наурыз айына тұспа-тұс келген қасиетті ораза ауызашарына наурыз көже дайындалып, кеңінен дастархан жайылды. Ауызашарға әрдайым студенттердің өмірінен хабардар болып, қамқорлық танытып жүретін Академиялық мәселелер Вице ректоры Эльмира Кайсарбаева Идрисова қатысып, ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді. Сонымен қатар қызметкерлер, студенттер тарапынан қазақтың әсем халық әндері шырқалды.

Кітапхана әкімшілігі