❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Ұлы жеңіс – ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі

  • 06.05.2025
  • KZ
  • 121

image

9 Мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті  кітапханасында   «Ұлы жеңіс-ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі»  атты үш бөлімнен тұратын, ауқымды кітап көрмесі қойылды. Ұлы Отан соғысы – адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыстардың бірі.  Бұл – тек уақыт өлшемі ғана емес, ұрпақтар жадындағы ұмытылмас ерлік пен жеңістің мәңгі естелігі. Отан қорғаған батыр бабаларымыздың, батыр аналарымыздың ерлігін ұлықтау, насихаттау мақсатында қойылған көрмеге  оқырмандарымыз  үлкен қызығушылық танытты.