Кітап талқы – 2026 қорытындыланды



08.05.2026 ж. университетіміздің жасыл аумағында кітапхана қызметкерлері кітапхана жанынан құрылған «Руханият» клубымен бірлесе отырып кітап талқылау кешінің қорытынды шарасын ұйымдастырды. 2025–2026 оқу жылы барысында жалпы саны 30-ға жуық көркем шығарма оқуға ұсынылып, жан-жақты талданды. Осы оқылған шығармалар бойынша үздік оқырман анықталып, 1 курстан бастап «Руханият» клубына мүше болып, кітап талқылауға тұрақты қатысып жүрген бітіруші курс студенттерін арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Әдеби шығармаларды талдау білімгерлердің бойында кітап оқу, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, адами қасиеттерді бойына терең сіңіруге, патриоттық рухты қалыптастыруға ықпал ететін терең рухани өсу мен интеллектуалдық дамудың маңызды алаңына айналды. Кеш соңында кітапхана әкімшілі мен клуб мүшелері аға буын студенттерге өз биігінде үлгі болып кіші буынға жол көрсете білгендіктері үшін, барлық өткізілген іс-шараларда белсенділік танытқандары үшін алғыстарын білдірді.