


оқытушы Магистр , Рыскелдиева Кенжегул Жанысбаевна
Оқу-әдістемелік комитетінің мүшесі
Рыскелдиева Кенжегул Жанысбаевна 24.09.1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында дүниеге келген. Амангелді Иманов атындағы жалпы орта мектепті қызыл аттестатқа 2001 жылы бітіріп, Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне “емдеу ісі” факультетіне 1 курсқа түсті. 2007 жылы аталған университетті бітіріп, “емдеу ісі" дипломын алды. Интернатураны Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ “акушер-гинеколог” мамандығы бойынша 2008ж бітіріп, “акушер-гинеколог” маман сертификатын алды.
Еңбек жолын 2008 жылы №16 ОДА “Әйелдер кеңес алу” бөлімінде дәрігер акушер-гинеколог қызметін атқарды. 1ші дәрежелі акушер-гинеколог
2013-2015 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ “медицина” БББ бойынша “”медицина ғылымдарының магистрі" атағын алды.
2019-2022 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ “ҚДС” БББ бойынша докторантураны бітірді,
2015 жылдан бері Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Медицина факультетінің “Акушерлік іс және гинекология” кафедрасында магистр оқытушы қызметін атқарып келеді.
Ғылым саласында көптеген ғылыми мақалалар мен кітап және бірнеше оқу құралдарының авторы. Мемлекеттік және университет деңгейдегі гранттық жобаларда қызмет жасаған. Әлемдік деңгейдегі инфак факторлы журналдарда бірнеше мақалалары жарық көрген. Көптеген алғыс хаттар мен сертификаттар иесі.