team
Касымбеков Аббазбек Сугирович

Телефон:
Электрондық пошта:
abbazbek.kasymbekov@ayu.kz
№:
218

техника ғылымдары кандидаты, доцент 

КАСЫМБЕКОВ АББАЗБЕК СҮГІРҰЛЫНЫҢ

ӨМІРБАЯНЫ

  • 1956 жыл 12 қаңтар ҚР ОҚО, Қазығұрт ауданы, Айнатас ауылында туылған. 
  • 1963-1972 жылдары  «Комсомол» орта мектебінде толық орта білім алған.
  • 1972-1978 жылдары А.Р.Беруни атындағы Ташкент Политехникалық Институтының «Инжеренлік физика» факултетін “Автоматтандырылған басқару жүйелері” мамандығы бойынша жоғары білімді «инженер-электрик (системотехник)» квалификациясын алған.
  • 1978-1998 жылдар аралағында (20 жыл) Ташкент қаласында орналасқан В.Д.Журин атындағы Орта Азиялық ирригация ғылыми-зерттеу институтының «Су ресурстары автоматтандырылған басқару жүйелері» бөлімінде – инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер және аға ғылыми қызметкер лауазымдарында қызмет атқарған.
  • 1998-2000 жылдары «АРАЛ теңізі бассейіндегі су ресурстарын қорғау мәселелері» (GEF-бағдарламасы) бойынша инженер-сарапшы болып  қызмет атқарған.
  • 2000-2002 жылдары Ташкент Архитектура-Құрылыс Институтының “ Информатика және ақпараттық технологиялар” кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарған.
  • 2002-2011 жылдары ОҚО, Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің “Информатика” кафедрасында аға оқытушы, “Информатика және сандық әдістер” кафедрасының доценті қызметтерін атқарған.
  • 2012-2013 жылдары Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг мемлекеттік университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» кафедрасының доценті қызметін атқарған.
  • 2013 жылдың қырқүйек айынан бастап Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Компьютерлік орталық» басшысы, «Инженерия» факультеті «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының доценті, ал бүгінгі күнде «Электр инженериясы» кафедрасының доценті болып қызмет атқаруда.
  • 1990 жылы “Су көтергіш насостармен жабдықталған үлкен суармалы каналдардың жұмыс тәртібін жетілдіру” тақырыбында кандидаттық диссертация  қорғап, техника ғылымдарының кандидаты  ғылыми дәрежесін, ал 2008 жылыдың 8-сәуірінде – ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (№5 хаттама) «Ақпараттама, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша  доцент ғылыми атағын алған.
  • Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыру бойынша 2013-2015 жылдардағы «Университеттерді электрондық ғылыми-білімдік ақпараттармен қамтамасыздандыру корпоратив ақпаратық жүйесі» және 2015-2017 жылдарға арналған «ХІХ ғасыр Орталық Азия түркілерінің жазба дереккөздеріндегі мәдени мұрасының виртуалды кіапханасы» тақырыптары бойынша орындалған ғылыми жобалардың жетекшісі;
  • 100-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, солардың қатарында: 
  • Отбасылы. Бес перзенттің әкесі – үш ұл, екі қызы бар. 
  • Тұрғылықты мекен-жайы:  ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Тауке хан даңғылы, 198 үй. Байланыс тетіктері: үй тел.: (725 33) 42526,  ұялы тел.: +7 771 1092876,  +7 7087568672 Электрондық пошта: abbazbek.kasymbekov@ayu.edu.kz; abbazbek@mail.ru

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.