Киздарбекова Мөлдір Абилхановна. 1982 жылы 25 ақпан күні Түркістан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2003 жылғы түлегі. Филолог, ағылшын тілінің аға оқытушысы, магистр. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2007- жылы Филология ағылшын тілінің магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Түркістан облысы, Түркістан қаласында Халықаралық қазақ-араб университетінен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы қызметінен бастаған. Ары қарай еңбек жолын 2004 жылдан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы қызметін атқарған, қазіргі таңда осы аталмыш оқу орнында ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы қызметін 22 жыл бойы жалғастырып келеді.Жұмыс өтілі - 22 жыл, аға оқытушы, магистр. Киздарбекова Мөлдір Абилхановна Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2019-2023 оқу жылдарының қорытындысы бойынша ішкі кәсіби рейтінгте жоғары көрсеткішке ие болған. Киздарбекова Мөлдір Абилхановнаның Әлемдік рейтингтік базалардағы Хирша (h) индексі (Web of Science, Scopus базаларындағы -3 (h). Жалпы жарияланған мақалалар саны: 62, оның ішінде Әлемдік рейтингтік ғылыми индекстегі жарияланымдар Scopus, Web of Science базасында- 12,ҚР БжҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын тізімі бойынша ғылыми журналдардағы жарияланымдар - 25, конференция жинақтарында - 25 3 қыз, 1 ұлдың анасы