❝Education is light for the heart, light for the mind.❞
     Ahmet Yassawi
team
Nyssanbaeva Aliya Malikovna
Телефон
Building
Department
Department of International Relations
428

Biography

Нысанбаева Алия Маликовна
Тел 87713682870, alya77@bk.ru
11.07.1977 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Саяси ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.
1998 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін, 2010 жылы Қызылорда
Гуманитарлық Университетін «Қаржы» мамандығын бітірген. 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациалық университетін «Саясаттану» мамандығын бітірген. 2004 жылы Алматы қаласында «Политические аспекты деятельности женских организаций Казахстана» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2001-2002 жылдар аралығында Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының жанындағы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болды.
2002-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеу институтында сыртқы саяси зерттеулер бөлімінде ғылыми қызметкер болды. 2005-2006 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Халықаралық қатынастар және журналистика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.
2007-2012 жылдар аралығында Қызылорда облысының әкімі аппаратының инспекторы болды. 2012-2014 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
«Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасының аға оқытушы, 2014-2015 оқу жылында «Қаржы және аудит» кафедрасының аға оқытушы, 2015 жылдан бастап осы кезге дейін «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушы, доцент м.а. қызметін атқарып келеді.
Ғылыми зерттеу бағыттары: мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі, гендерлік саясат, мемлекет және үшінші сектор арасындағы өзара ықпалдасу, әрекеттесу, әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік саясат, жастар мәселесі.
Ғылыми салада жазған 30 ғылыми еңбегі бар. Соның ішінде 1 оқу құралы, 1 монография, 2 импа-фактор мақаласы жарық көрген.
Доцент м.а. Нысанбаева Алия Маликовна жоғары білікті кәсіби саясаттанушы маман ретінде танымал.

Level

Candidate of Science, Senior Lecturer

Education

  • ҚР Білім және ғылым министрлігі
  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогика институты

Certificates

  • Certificate (2024 г.)

Write to Us

You can send us a message by filling out the form below.