Biography
Бораш Смаилұлы 1951 жылы 11 мамырда Шымкент облысы Қызылқұм ауданы Отырар аулында дүниеге келген.Білімі жоғары, 1974 жылы Самарқанд ауыл шаруашылығы институтын үздік дипломмен бітірген.Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясы және Ресей жаратылыстану академиясының академигі. 1974-1984 жылдары арасында Шымкентте Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты экономика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, күндізгі бөлім аспиранты, 1985-1989 – Қызылорда облысы Амангелді атындағы совхоздың бас экономисі, қаржылық есептеу бөлімінің бастығы, 1989-1992 – Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты экономика бөлімінің аға, жетекші ғылыми қызметкері, 1992-1994 – Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімінің бірінші орынбасары, 1994 жылдан бүгінге дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде доцент, ғалым хатшы, оқу әдістемелік бөлімнің бастығы, экономика факультетінің деканы, «Менеджмент және маркетинг», «Қаржы және бухгалтерлік есеп», «Экономика» кафедраларының менгерушісі, «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасының профессоры қызметтерін атқарып келеді.Осы жылдары 540-тан аса ғылыми еңбек жазған, оның ішінде 93 кітаптың авторы (25 монография, 9 – оқулық, 59 – оқу және оқу-әдістемелік құрал). Сонымен қатар 447 – ғылыми мақалалар (оның ішінде шет елдерде - 45 мақала және 13 - ағылшын тілінде импакфактор журналында) жарияланған.Ғылыми мамандар даярлауда оның жетекшілігімен 1-экономика ғылымдары докторы, 11- экономика ғылымдары кандидаты, 7-PhD доктор, және 35 магистрлер қорғаған.Мемлекеттік маңызы бар ғылыми гранттар жеңіп алған:1) 2012-2014 жылдары ішінде «Шағын және бір салалы қалаларды дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағыттарын әзірлеу (Түркістан және Кентау қалалары мысалында)» мемлекеттік грантының жетекшісі; 2) 2011-2015 жылдары ішінде «Мемлекеттің индустриалды-инновациялық саясатын тиімді қалыптастыру мен жетілдіру негізінде экономикалық даму және бәсекеқабілеттілікті жоғарылату стратегиясын дайындау» ғылыми жұмысының жетекшісі, 3) 2015-2017 жылдары ішінде «Онтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кластерлерді қалыптастыру мен олардың тиімділігін арттырудың басымды бағыттарын әзірлеу» грантының ғылыми жетекшісі. Еңбектегі жетістіктері үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің Алғыс хаты (2001), «Нұр-Отан» Партиясының Алғыс хаты (2007,2014), ҚР Білім және ғылым министрлігі педагогика ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары үшін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық (2008), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011), ҚР білім және ғылым Министрінің Алғыс хаты (2011), Оңтүстік Қазақстан облысы Маслихатының Грамотасы (2011), Европа ғылыми-өнеркәсіп консорциумының (European scientific and industrial consortium) «Labore et Scientia»-«Еңбек және Білім» ордені, (2013), «Адам Смит» (European scientific and industrial consortium-Adam Smith) медалі (2013), Ресей жаратылыстану академиясыың «Ғылым және білім саласына еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2013), «Жоғары білім саласындағы жаңашылдық жұмысы үшін» алтын медалі (2014), «Түркістан қаласына еңбегі сіңген қызметкер (2014), А.Байтұрсынов атындағы күміс медалі (2016), В.И.Вернадский атындағы алтын медалі (2014), «2015 жылғы жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы», «Ұлағатты ұстаз» (2018) атақтарымен мараптатталған.Жанұялы, жұбайы Аширбекова Нұрлыхан – зейнеткер. Ұлдары Руслан – заңгер, Ғалымжан – экономист, қыздары Зульфия – дәрігер, Алия–қаржыгер.
Education Information:
-
В.В.Куйбишев атындағы Самарқанд ауыл шаруашылығы институты
Bachelor's Degree -
ҚР білім және ғылым министрлігі
Professor -
№ 386
Doctor of Science


