Biography
Абдуллина Гулжан Темиршаровна 1979 жылы сәуір айының 15 жұлдызында Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласында дүниеге келдім. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін 1998-2002 жылдары Шетел тілі: ағылшын тілі мамандығын бітіріп, Тіл үйрету орталығына оқытушы болып жұмысқа қабылдандым. 2002-2004 жылдары Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі бойынша 2-ші мамандық бітірдім. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 2004-2006 оқу жылдары Педагогика және психология мамандығы бойынша магистрлік диссертациясын қорғадым.2013 жылы «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығы мазмұнын жобалаудың педагогикалық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, 2014 жылдың 15 сәуірінде №650 бұйрық негізінде 6D010300- Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алдым. Қазіргі таңда «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасында оқытушылық қызметін атқарамын.
Administrative Duties
-
Faculty of Social and Humanitarian SciencesChairman of the Teaching and Methodology Committee
Education Information:
-
At K. A. Yasawi. HKTU
Bachelor's Degree -
At K. A. Yasawi. HKTU
Associate Degree -
At K. A. Yasawi. HKTU
Master Degree -
At K. A. Yasawi. HKTU
Doctorate


