❝Education is light for the heart, light for the mind.❞
     Ahmet Yassawi
team
Şirinbekova Beisenkul Djumanovna
MSc, Senior Lecturer
Телефон
Building Name
3-ші оқу корпус
Unit
Fundamental sciences
229

Biography

ӨмірбаянШиринбекова Бейсенкуль Жұманқызы 1966 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1985-1991 жылдары С.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина инстутының Шымкент филиалының фармация факультеті аяқтады. 1992 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің медицина факультетінің биологиялық химия кафедрасының аға лаборанты қосымша 0,25 бірлікте оқытушысы. 1994-2006 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің медицина факультетінің биологиялық химия кафедрасының оқытушысы. 2006-2017 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің медицина факультетінің зертханалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы. 2017-2019 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің стоматология факультетінің зертханалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы 2021 жылдың 25 мамыр Шымкент университеті магистр дәрежесін аяқтады. Қазіргі уақытта Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стоматология факультеті , Зертханалық пәндер кафедрасында биохимия пәнінің тәжірбиелік сабақтарын жүргізеді. Ширинбекова Б.Ж. ғылыми-педагогикалық стажы – 29 жыл, 50ден астам ғылыми еңбегі бар, мемлекеттік тілде «Биологиялық химия пәнінен лабораториялық сабақтарға арналған оқу құрал», «Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы (оқу-әдістемелік құрал медицина факультетінің студенттеріне арналған) «Биохимиядағы формулалар мен схемалар», «Көмірсулардың биохимиясы» (оқу-әдістемелік құрал), «Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы», «Биологиялық химия пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы», «Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы (стоматология)», «Белоктардың құрылысы және функциялары, белоктардың жалпы қасиеттері» оқу әдістемелік құралдың және орыс тілінде «Формулы и схемы биохимии», «Лабораторные работы по биохимии» оқу құралдары медицина факульттінің оқу процесінде қолданылуда.            Студенттердің білім сапасын жоғары дәрежеге көтеруде қосқан үлестері үшін мақтау қағаздарымен марапатталған. Оқытушылар мен студенттердің арасында сыйлы, өз ұжымында іскер ұйымдастырушы, өз білгенін үйретуден жалықпайтын, адамгершілігі жоғары мамандардың бірі. Білім беру қызметінде жәнеғылыми жұмыстарды ұйымдастыруда Б.Ж.Шырынбекова өзінің тәжірибелі педагог екендігін көрсетті, жұмысына адал, өзіндік көзқарасы және принципі бар тұлға.

Education Information

Education

  • Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институт
  • Шымкент университеті

Certificates

  • Certificate (2023 г.)
  • Certificate (2022 г.)
  • Certificate (2020 г.)

Awards and Achievements

  • Ерен еңбегi үшiн (2022 г.)

Write to Us

You can send us a message by filling out the form below.