❝Education is light for the heart, light for the mind.❞
     Ahmet Yassawi
P
❌ Error: Authentication failed (HTTP 401): Check API key
team
Usembayeva Indira Bakhytovna
PhD., Assoc. Prof.
Телефон
Building Name
3-ғимарат
Unit
Department of Physics
Room Number

Biography

Усембаева Индира Бахытовна — философия докторы (PhD), Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультеті Физика кафедрасының қауымдастырылған профессор-зерттеушісі.2005 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Қолданбалы физика және компьютерлік технологиялар» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы осы университеттің 6А0604 – «Физика» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтаған. 2012–2015 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 6D011000 – «Физика» мамандығы бойынша докторантурада білім алған.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2016 жылғы 18 наурыздағы №260 бұйрығымен оған 6D011000 – «Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілген.Еңбек жолын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бастаған. 2008–2010 жылдары университеттің Оқу бөлімінде класс маманы, 2010–2012 жылдары Жаратылыстану факультетінің Физика кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған. 2016–2021 жылдары Медицина факультетінің Жалпы хирургия кафедрасында доцент міндетін атқарушы болған. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жаратылыстану ғылымдары факультетінің Физика кафедрасында еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта осы кафедрада қауымдастырылған профессор-зерттеуші қызметін атқарады.Усембаева Индира Бахытовна физиканы оқыту әдістемесі, болашақ физика мұғалімдерін даярлау, білім беруді цифрландыру, электрондық білім беру ресурстары, компьютерлік модельдеу, STEM және STEAM білім беру, сондай-ақ виртуалды шындық технологияларын оқу үдерісінде қолдану бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оның зерттеу нәтижелері отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған.Ол AP14870844 «Инженерлік-техникалық салаларды STEAM білім беру негізінде ағылшын тілінде даярлау үдерісін дамыту» атты 2022–2024 жылдарға арналған, AP19579398 «Индустрия 4.0 жағдайында студенттердің креативтілігін STEM білім беру негізінде дамыту» атты 2023–2025 жылдарға арналған және AP22786628 «Болашақ физика мұғалімдері үшін физикалық экспериментті виртуалды шындық (VR) технологиясы арқылы ұйымдастыру әдістемесін жетілдіру» атты 2024–2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобаларына бас ғылыми қызметкер ретінде қатысқан.Ғалымның «Оптика», «Электр және магнетизм», «Атом ядросының физикасы» электрондық оқулықтарына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері бар.2022 жылы оның жетекшілігімен 6В05348 – «Физика» білім беру бағдарламасының екі студенті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен физика пәні бойынша республикалық олимпиадада жүлделі үшінші орын иеленген.Усембаева Индира Бахытовна оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, жоғары білім беру саласында білікті мамандар даярлауға үлес қосып келеді.

Education Information:

  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика институты
    Bachelor's Degree
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика институты
    Master Degree
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі
    Doctorate

Scientific Metrics

Scopus
Publications
Citation
H-İndeks
Co-Authors
Scopus Author ID 55865638800
ORCID
ORCID ID 0000-0002-8552-1803