Бағдарлама туралы:
- Жалпы мәліметтер
- Бағдарлама жетекшілері
- Зерттеушілер құрамы
- Халықаралық ынтымақтастық
- Консорциум
- Бағдарламаның нәтижелері
- Іс-шаралар
Жоба аясында шамамен 100 ғылыми қызметкердің қатысуы жоспарланған. Олардың қатарында шетелдік жетекші ғылыми мекемелердің ғалымдары да бар, атап айтқанда: Тяньцзинь өнеркәсіптік биотехнология институты (Қытай), Эрджиес университеті (Түркия), Экологиялық зерттеулер орталығы (Centre for Ecological Research (CER), Тихань, Венгрия) және Гази университеті (Түркия). Өтінімде көрсетілген шетелдік ғалымдардың жалпы саны – 6. Бағдарлама аясында әр бағыт бойынша бірнеше ғалым тартылған. Егер жобаның бір қатысушысы белгілі бір себептермен жұмыстан шығып қалса, оның міндеттері топтың басқа мүшелері арасында қайта бөлінеді. Себебі барлық жұмыстар күнтізбелік жоспарға сәйкес бірлесіп жүргізіледі, ал әр бағыттың жауапты мамандары жүктелген тапсырмалардың орындалуын қадағалайды.