2) Геномдық және молекулалық-генетикалық зерттеулер, оның ішінде жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, онкология және басқа да жұқпалы емес аурулардың генетикалық маркерлерін зерттеу;
3) Ғылыми жобаларды (гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру), PhD докторанттар мен магистранттардың зерттеулерін зертханалық-аспаптық тұрғыда қамтамасыз ету;
4) Медициналық ұйымдарға және халыққа ақылы және қосалқы орындаушылық негізінде зертханалық қызмет көрсету;
5) Түркістан облысы үшін өңірлік референс-зертхана құру.
Қазіргі қызметі
1) Орталық құрамында 6 зертхана жұмыс істейді: клиникалық-диагностикалық, иммунологиялық, жасушалық биология, молекулалық-генетикалық, микробиологиялық (АЗҮО ғимаратында) және патоморфологиялық (жеке ғимаратта);
2) Зертханалар бойынша қызметтер тізбесі жасалып, бағалары ҚР ДСМ тарификаторына сәйкес белгіленді; ақылы қызметтердің прейскуранты бекітілді;
3) Медициналық ұйымдармен қосалқы орындаушылық шарттары жасалуда, 2026 жылдың тамызынан бастап сырттан келетін талдауларға тапсырыстар қабылданады; чек-ап бағдарламалары әзірленді;
4) Бекітілген жылдық жұмыс жоспары бойынша қызмет атқарылуда; университеттің ғылыми жобалары мен докторанттарына зертханалық қолдау көрсетілуде, студенттер мен резиденттерге оқу-тәжірибелік база ретінде пайдаланылады.