Хабарландыру!!!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті академиялық 3 жыл мерзімге постдокторантура бағдарламасы негізінде конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Постдокторантура бағдарламасына (2 орын) үміткерлер конкурстық комиссияға келесідей құжаттарды ұсынуы тиіс:
1. Белгіленген нысан бойынша постдокторантура бағдарламасына үміткердің өтінімі (1-қосымша);
2. Жеке куәлігінің көшірмесі;
3. Кеңейтілген кәсіби түйіндеме – ғылыми паспорт (2-қосымша);
4. Жобаға қатысу үшін қажетті нақты дағдыларды, жұмыс тәжірибесін ашатын уәждемелік хат (1000 белгіден артық емес);
5. Зерттеу қызметі мен жарияланымдарына арналған жеке жұмыс жоспары (3-қосымша);
6. Web of Science және Scopus базаларындағы соңғы 5 жыл аралығында индекстелетін журналдардағы жарияланымдар тізімі;
7. Ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі туралы дипломның көшірмесі. Ағылшын тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі расталған аудармасымен болуы тиіс;
8. IELTS немесе TOEFL сертификаты (IELTS сертификаты 6.0 балдан төмен емес / TOEFL сертификаты 90 балдан төмен емес, ҚР және ТМД азаматтары үшін);
9.Тиісті саладағы ғалым-зерттеушілерден жұмыс беруші ұйымның қолдарымен және мөрімен расталған екі ұсыныс (егер мұндай мүмкіндік болса).
10.Медициналық кітапша, флюрография;
11.ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
12.Психоневрологиялық ұйымда еспке тұрмайтыны туралы анықтама;
13.Наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты - 2026
жылдың 25 тамыз сағат 18:00-ге дейін. Барлық құжаттар электронды түрде (сканерленген түрде) мына мекен-жайға жіберіледі postdoc@ayu.edu.kz немесе төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29, ректорат ғимараты, №401 (ішкі) бөлме, байланыс тел.: +7 (72533) 9-71-00 ішкі 16-12; e-mail: postdoc@ayu.edu.kz
Ескерту: Құжаттардың толық пакетінің болмауы ізденушіні конкурстан шығаруға негіз болуы мүмкін. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Конкурстық комиссияның отырысы қосымша
хабарланады.
Постдокторантура бағдарламасына үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Ғылыми дәрежесі – ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе оған теңестірілген ғылыми дәреженің болуы, сондай-ақ постдокторантура бағдарламасына қабылдану сәтінде диссертациясын қорғағанына 6 (алты) жылдан аспаған болуы тиіс;
- Жасы – 40 (қырық) жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтары немесе шетел азаматтары;
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі – IELTS сертификаты бойынша 6.0 балдан, немесе TOEFL сертификаты бойынша 90 балдан төмен емес көрсеткіш (Қазақстан Республикасы және ТМД елдерінің азаматтары үшін);
- Ғылыми жарияланымдар – соңғы 3 (үш) жыл ішінде Web of Science (Q1, Q2 квартильдер) немесе Scopus (пайыздық көрсеткіші кемінде 75) библиометриялық базаларына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда кемінде 3 (үш) ғылыми жарияланымның болуы;
- Ғылыми қызмет тәжірибесі – гранттық, бағдарламалық-мақсатты және өзге де келісімшарттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми бағдарламаларға қатысу тәжірибесінің болуы.
Постдокторантура бағдарламасынан өту ережелері
- Постдокторантура бағдарламасының мерзімі – 3 (үш) жыл. Қорытынды аттестаттау нәтижелеріне байланысты, университет Сенаты мәжілісінің оң шешімі болған жағдайда, бағдарлама мерзімін 5 (бес) жылға дейін ұзартуға жол беріледі.
- Постдокторант ғылыми кеңесшінің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Ғылыми кеңесшілер постдокторант қабылданған күннен бастап бір ай ішінде факультеттердің немесе ҒЗИ/ҒЗО-лардың ұсынысы негізінде университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
- Ғылыми кеңесші постдокторанттың жеке жұмыс жоспарын әзірлеуге және бекітуге қатысады, сондай-ақ оның ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді.
- Постдокторантурадан өту мерзімі ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі ретінде есептеледі.
- Постдокторантураны аяқтаудың негізгі критерийі – қорытынды аттестаттау талаптарына сәйкес ғылыми жарияланымдардың болуы.
- Постдокторант педагогикалық қызметпен айналысуға құқылы. Бұл ретте оқу жүктемесінің көлемі 0,5 штаттық бірліктен аспауы тиіс. Постдокторанттың оқу жүктемесіне 5 ECTS-тен аспайтын бір пән (әдетте магистратура немесе докторантураның оқу жоспары пәні), сондай-ақ дипломдық жұмыстарға және ғылыми зерттеу бағыты бойынша кемінде 1 докторлық және (немесе) 2 магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік ету кіреді.
- Постдокторанттар университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен ай сайынғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.
- Постдокторанттар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі вице-ректордың келісімімен ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға құқылы.
- Постдокторанттар университеттің зертханалық жабдықтарына, әлемдік ақпараттық ресурстарға және кітапхана қорларына тегін әрі шектеусіз қолжетімділікке ие болады.