Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе конкурс жариялайды



2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
№ | Бөлім атауы | Қызмет атауы | Штат бірлігі |
1 | Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе | Басшы | 1,0 ш.б |
Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе басшысы қызметіне білімі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі және жұмысты ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық немесе әкімшілік қызметтерде тәжірибесі 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар тұлға тағайындалады;
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2025 жылдың 11 қыркүйек, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.