❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«Тәуелсіз Қазақстанның 35 жылы: ғылым, жасампаздық және болашақ» атты XXXV студенттік ғылыми-теориялық конференция өтеді.

  • 30.10.2026
  • KZ
  • 3

image
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның 35 жылы: ғылым, жасампаздық және болашақ» атты XXXV студенттік ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Конференция студент жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға, зерттеу нәтижелерін ғылыми ортада таныстыруға, жас зерттеушілердің шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған.
 Конференция аясында 33 секция жұмыс істейді.
 Студенттердің 800-ден астам ғылыми баяндамасы тыңдалады.
 Үздік жұмыстар Республикалық байқаудың ІІ кезеңіне жолданады.
 І орын иегерлерінің жұмыстары Университеттің Жас ғалымдар жинағында жарияланады.
 Секцияларда І орын алған студенттер арасында PechaKucha конкурсы ұйымдастырылады.
 Маңызды күндер:
▪️ Секциялық мәжілістер – 2–13 қараша 2026 жыл
▪️ Ашылу мәжілісі – 2 қараша, сағат 09:00
▪️ Секция жетекшілерінің есебі – 18 қараша, сағат 16:00-ге дейін
▪️ Салтанатты жабылу мәжілісі – 2 желтоқсан, сағат 10:00