❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Шетелдік студенттерге арналған Құқықтық Кеңес семинары

  • 09.11.2026
  • KZ
  • 13

ҚҰРМЕТТІ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық байланыстар департаменті және жергілікті көші-қон полициясы қызметкерлерінің қатысуымен шетелдік студенттерге арналған құқықтық кеңес беру семинары өтеді.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылады:

- Қазақстан Республикасының аумағында тұру ережелері;
- Виза рәсімдеу және тіркеу тәртібі;
- Уақытша тұруға рұқсат алу мәселелері;
- Шетелдік азаматтардың құқықтары мен міндеттері;
- Құқықтық кеңестер және студенттердің сұрақтарына жауаптар.

Өтетін орны: Түркістан қаласы, Мәдениет сарайы, Үлкен зал

Күні: 9 қараша 2026 жыл

Уақыты: 16:00

МАҢЫЗДЫ!

Семинарда шетелдік студенттердің Қазақстан Республикасында заңды түрде білім алуы мен тұруына қатысты маңызды ақпараттар беріледі.

Осыған байланысты барлық шетелдік студенттердің семинарға қатысуы міндетті!

Қатысуларыңызды сұраймыз!

Ұйымдастырушы:
Халықаралық Байланыстар Департаменті