СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!



СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
Екіжақты келісім-шарт негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне тіркелу басталғанын хабарлаймыз!
Тіркелу мерзімі: 10–30 қараша 2026 жыл
Форматы: оффлайн
Өтетін орны: Ректорат, 418-кабинет
Қажетті құжаттар:
- Төлқұжат көшірмесі;
- Ағымдағы транскрипт (ағылшын тілінде, ресми мөрмен, 122-кабинетте беріледі);
- Тіл меңгеру деңгейін растайтын сертификат.
Тіл сертификаттары:
- Түрік тілі: Yunus Emre, Лингвистикалық орталық сертификаты (B2–C1);
- Ағылшын тілі: IELTS, TOEFL, Лингвистикалық орталық сертификаты (B2–C1).
Сертификаты жоқ студенттер емтихан тапсырады.
Емтихан уақыты тіркелу біткен соң жарияланады.
Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан – сертификат талап етілмейді.
ЕСКЕРТУ:
1-курс және бітіруші курс студенттері қатыса алмайды.
Қаржыландыру шарттары:
Оқу ақысы төленбейді (қабылдаушы университетте білім алу тегін). Жол жүру, жатақхана, тамақтану және басқа да жеке шығындар студенттің өз есебінен төленеді.
Шетелде білім алып, халықаралық тәжірибе жинау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!