❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА ОРТА, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

  • 28.10.2026
  • KZ
  • 204

image

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА ОРТА, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

Құрметті оқытушылар, университет қызметкерлері және студенттер!

Сіздерді «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Ботаникалық бақ аумағын тазарту және абаттандыруға арналған жалпыуниверситеттік сенбілікке шақырамыз!

Университетіміздің Ботаникалық бағы – өсімдіктер дүниесін сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған маңызды ғылыми әрі экологиялық кеңістік. Оның тазалығы мен көркін сақтау – баршамызға ортақ міндет.

Іс-шара барысында мәдени-рухани шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Өтетін күні: 31 қазан
Өтетін орны: Университеттің Ботаникалық бағы
Басталу уақыты: сағат 10:00-де
Бастамашылар: Ботаникалық бақ ҒЗИ және Коммерцияландыру офисі.

Таза орта қалыптастыруға бірге үлес қосайық!