HORIZON EUROPE: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРАНТТАР ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ИННОВАЦИЯЛАР



HORIZON EUROPE: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРАНТТАР ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ИННОВАЦИЯЛАР
2026 жылдың 10 қараша күні университетте «Horizon Europe: ғылым мен өндіріс интеграциясының халықаралық мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтеді.
Спикер – Айжан Ережепқызы Самамбаева, PhD, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Horizon Europe бағдарламасы бойынша «Кластер 4: Цифрлық технологиялар, өнеркәсіп және ғарыш» бағытының Ұлттық байланыс пунктінің өкілі (National Contact Point), өнеркәсіптік технологияларды бейімдеу жөніндегі тәуелсіз сарапшы.
Халықаралық ғылыми жобаларды басқару, технологиялар трансфері және инновацияларды коммерцияландыру саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы.
Семинар аясында:
- Horizon Europe бағдарламасының халықаралық гранттық мүмкіндіктері;
- Еуропалық ғылыми консорциумдарға қатысу және халықаралық серіктестер тарту;
- Гранттық өтінімдерді әзірлеу және жобаларды қаржыландыру;
- Ғылыми әзірлемелерді технологиялық трансфер және коммерцияландыру арқылы өндіріске енгізу мәселелері қарастырылады.
Семинар профессор-оқытушылар құрамына, ғалымдарға, зерттеушілерге, жас мамандар мен инновациялық жобалар әзірлеушілеріне арналған.
Өтетін уақыты: 10:00–12:00
Өтетін орны: Кітапхана, Коворкинг залы
Ұйымдастырушылар:
- Коммерцияландыру офисі;
- Тұрақты даму ҒЗО.