Декан лауазымына конкурс жарияланды.

  • 13.05.2024
  • KZ

image

  1. 2024-2025 оқу жылына Қазақстан Республикасы, Түркістан қ., 29В Саттарханов даңғылы мекен-жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесі факультеттерге декан лауазымына конкурс жариялайды.

Факультет атауы

Қызметі

Штат бірлігі

1

Медицина факультеті

Декан

1,0

2

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

Декан

1,0

3

Экономика,басқару және құқық факультеті

Декан

1,0

4

Спорт және өнер факультеті

Декан

1,0

5

Теология факультеті

Декан

1,0

6

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Декан

1,0

7

Стоматология факультеті

Декан

1,0

                                                                                               Жалпы

7,0

 

 

 

 

 

 

 

Біліктілік талаптары:

-Факультет деканы қызметіне жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім,  ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша педагогикалық еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс;

-ҚР «Білім туралы» заңын;

-Ғылым туралы» заңын;

-«Тіл туралы» заңын;

-ҚР «Еңбек кодексін»

-ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын;

-Халықаралық ИСО 9001 стандартын және аккредиттеу талаптарын;

-Жоғары және кәсіби білім беру жалпы ережелерін,

-ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласына қатысты нормативті-құқықтық құжаттарын;

-Педагогика,педагогикалық психология негіздерін;

-Оқу іс-шараларын жоспарлау және ұйымдастыру түрлерін;

-Оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырылуын;

-Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін;

-Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын білуі тиіс.

 

Біліктілік талаптарымен қосымша университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/pedagogikaly_biliktilik_035_2022.pdf сілтеме арқылы танысуға болады.

Қосымша деректер:

 

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2024 жылдың 27 мамыры, сағат 18.00-ге дейін Ректор атына еркін нысанда өтініш береді. 

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В, Ректорат (103 бөлме)

Өзге қаладан конкурсқа тапсыратын үміткерлер құжаттарды aknur.kaldybayeva@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберуге болады. 

Қосымша ақпаратты Адам ресурстарын басқару бөлімінің қызметкері Калдыбаева Акнур Аймаханбетовна, 8701-326-27-79 телефондарына хабарласып алуға болады. 

 

Өтінішке қоса мына құжаттар тізімі беріледі:

Университет қызметкерлері:

  1. Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
  2. Түйіндеме;
  3. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми  дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
  4. Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
  5. Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  7. Факультеттің дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.

 

Сырттан келген үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:

  1. Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
  2. Түйіндеме

3) Өмірбаян;

4) Жоғары білімі, академиялық және ғылыми  дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;

5) Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;

6) Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  1.  Факультеттің дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.

 

 

Ескерту:

  1. Жоғарыдағы белгіленген тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау және өтініштер мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзу үміткерді Конкурсқа қатыстырмау үшін негіз болып табылады.
  2. Конкурс оффлайн форматта өтеді.