Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде 2024-2025 оқу жылы үшін 10 орынға грант бөлінгенін хабарлаймыз!!!

  • 23.05.2024
  • KZ

image

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде 2024-2025 оқу жылы үшін 10 орынға грант бөлінгенін хабарлаймыз!!!

Бағдарлама ережесіне сәйкес шығындар (ұшақ билеттері, жатын орын, тамақтану, виза, медициналық сақтандыру) мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.

Тіркелу 2024 жылдың мамыр айының 24-31 күндері аралығында Ректорат ғимаратының 418 кабинетте өтеді.
Тіркелуге қажетті құжаттар тізімі:
-    Ағылшын тіліндегі траскрипт
-    Тіл білім деңгейін анықтайтын сертификат (IELTS 5.5 тен жоғары)
-    Жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі

Қойылатын талаптар:
-Мемлекеттік білім гранты иегері болуы;
-Білімгерлердің жалпы орташа үлгерім көрсеткіші GPA 3,0 кем болмауы;
-Академиялық қарызының болмауы;

2024-2025 оқу жылында 4 жылдық білім беру бағдарламаларының – 2 және 3 курс білімгерлері, 5 жылдық білім беру бағдарламаларының (Жалпы медицина, Стоматология, Дизайн мамандықтарына қатысты) - 2,3,4 курс білімгерлері қатыса алады.