Жас мамандар назарына!

  • 31.05.2024
  • KZ

image

Қожа  Ахмет Ясауи  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Ректораты

Жас мамандар назарына! 

Университетіміздің 76-ші Өкілетті Кеңес мәжілісінің 7-ші шешіміне сәйкес,  Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан шәкіртақы тағайындалып, Түркия Республикасы университеттерінде “жоғары оқу орнынан кейін білім алуға,  медицина саласы бойынша кәсіби біліктілік арттыруға” жіберілетін білімгерлер мен мамандар үшін 2024-2025 оқу жылына берілген контингенттерге конкурсына үміткерлер үшін құжат қабылдау мерзімі 2024 жылдың 10-маусымына дейін ұзартылғандығын хабарлаймыз!!!  

Мамандық атауы

Докторантура 

Кәсіби біліктілік арттыру және мерзімі 

1.

Басқаруда ақпараттық жүйелер (Yönetim Bilişim Sistemleri)

1

 

2.

Электрик-электроника инженериясы (Elektrik-Elektronik Mühendesliği)

1

 

3.

Ақпараттық жүйелер 

(Bilişim Sistemleri)

1

 

4.

Машина инженериясы 

(Makine Mühendesliği)

1

 

5.

Аударма ісі (ағылшын тілі) 

(İngilizce Mütercim Tercumanlık)

3

 

6.

Туризм менеджменті 

(Turizm İşletmeciliği)

1

 

7.

Білім беруде өлшеу және бағалау (Eğitimde Ölçme ve Değerlendirme)

2

 

8.

Педагогика және психология (Rehberlik ve Psikolojik Danışmanlık)

1

 

9.

Ортопедия  (Ortopedi)

 

1 (1 жыл)

10.

Нейрохирургия (Beyin Cerrahisi)

 

1 (1 жыл)

11.

Жүрек тамыр хирургиясы 

 (Kalp Damar Cerrahisi)

 

1 (1 жыл)

12.

Балалар хирургиясы 

(Çocuk Cerrahisi)

 

1 (1 жыл)

 

Жалпы 

11

4

 

            Үміткерге қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар:

  1. Университет ректоры атына өтініші;
  2. Жеке куәлік көшірмесі; 
  3. Магистратура немесе докторантура бағдарламасында білім алуға үміткер магистратура және докторантура  бағдарламасына сәйкес мамандық бойынша бакалавриат/магистратура бағдарламасын бітіруі 
  4. Жоғары білімі туралы дипломы мен қосымшасы көшірмелерінің нотариалды куәландырылған болуы;
  5. Магистратура бағдарламасына, медицина саласында мамандануда біліктілік арттыруға жолданатын үміткер ең соңғы алған дипломдағы орташа үлгерім ұпайы кем дегенде 3,40/4,00 немесе 85/100 және одан жоғары ұпай жинаған болуы; 
  6. Докторантура бағдарламасына жолданатын үміткердің ең соңғы дипломдағы орташа үлгерім ұпайы кем дегенде 3.00/4.00 немесе 75/100 және одан да жоғары болуы; 
  7. Докторантура бағдарламасында білім алуға үміткердің кем дегенде 1 (бір)  ғылыми мақаласының жарияланған болуы; 
  8. Өтініш берілген күннен бастап соңғы 5 (бес) жыл ішінде Юнус Эмре институтының немесе университетіміздің Лингвистикалық орталығының түрік тілі біліктілік емтиханынан ең кем  В2 деңгейі сертификаты иегері болуы; 
  9. Тәртіптік шараға тартылмаған болуы;
  10. Магистратура бағдарламасында білім алуға үміткердің жасы 1-қаңтардан бастап 30-дан, докторантура бағдарламасында білім алуға үміткердің жасы 35-тен аспаған болуы қажет. 
  11. Медицина саласында мамандануға жолданатын үміткердің маман сертификатының болуы; 
  12. Оқуына кедергі болмайтын ауыр науқасқа немесе жұқпалы ауруға шалдықпағанын растайтын денсаулығы туралы анықтамасының болуы;

Ескертулер:

  • ХҚТУ-іне білікті оқытушы мамандарды даярлау мақсатында ЖОО-да білім алуын табысты аяқтаған үміткерлер жіберілетіндіктен екі елдің жауапты тұлғалары шеңберінде мұқият түрде базалық білім нәтижелері, түрік тілі біліктілік деңгейі және саласы бойынша жасаған ғылыми жұмыстары сарапқа салынады. Үміткерлер білім алуларын бастамай тұрып, университет Ректоратымен “Міндетті қызмет атқару” келісімшарты жасалады. Оқуын сәтті аяқтаған мамандар Түркияда қанша мерзім шәкіртақылы негізде білім алған болса (демалыс күндерін қосқанда) сонша мерзім көлемінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Қазақстандағы құрылымдық бірліктерінің бірінде міндетті қызмет атқаруы тиіс. Шәкіртақы тағайындалған тұлға түзілген келісімшарт талаптары негізінде міндетті қызметіне кіріспеген жағдайда немесе жұмыс мерзімі аяқталмай тұрып университеттегі жұмысынан өз еркімен босаған жағдайда білім алуы үшін жұмсалған (шәкіртақы мен басқа да төлемдер) қаражат барлығы заңды пайызымен есепке алына отырып, заңды пайызымен нақты немесе белгілі бір мөлшерін (белгіленген мерзімдер аралығында теңдей бөлшектерін жүйелі қайтару арқылы) Қазақстан Республикасының азаматтары Ректоратқа қайтаруға міндеттеледі.

Құжат қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 10-маусымына дейін  

Қабылдау жұмыстарына байланысты ақпараттар туралы қосымша хабарлама беріліп отырады. 

 

Құжаттар Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, № 29,  Ректорат ғимаратының 3-қабаты, 304-бөлмесінде 09.00-18.00 ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс 13.00-14.00 дейін

Байланыс телефондары:  8 (725 33) 63601

Ұялы тел: 8 702 498 06 65  Динара Зулпихарова