Конкурс жарияланатын контингенттерге өтініш білдіргісі келетін үміткерлер үшін қосымша хабарлама:

  • 17.05.2024
  • KZ

image

Университетіміздің 76-ші Өкілетті Кеңес мәжілісінің 7-ші шешіміне сәйкес, Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан шәкіртақы тағайындалып, Түркия Республикасы университеттерінде “жоғары оқу орнынан кейін білім алуға,  медицина саласы бойынша кәсіби біліктілік арттыруға” жіберілетін білімгерлер мен мамандар үшін 2024-2025 оқу жылына берілген контингенттердің конкурсына үміткерлер үшін Түрік тілі біліктілік  деңгейін айқындау емтиханы  2024 жылдың 10-маусымы күні сағат 15.00 де өткізілетіндігін хабарлаймыз.  Қатысамын деушілер үшін өтетін орны: Ғылыми кітапхана ғимараты, 2-қабат, Лингвистикалық орталық

Құжат қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 03-10 маусым аралығы.

Ескерту:  Егер конкурс жарияланған мамандыққа өтініш білдірген күні үміткердің  В2 деңгейлі сертификаты болмаса, онда құжаттары осы жылдың 10 маусымы күні Лингвисткалық орталық тарапынан өткізілетін емтиханға қатысу шартымен қабылданып, үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес, емтихан нәтижесінде В2 деңгейлі сертификатқа ие болған үміткер ғана конкурсқа қатыстырылады.  

Қабылдау жұмыстарына байланысты ақпараттар туралы қосымша хабарлама беріліп отырады.

Құжаттар Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, № 29,  Ректорат ғимаратының 3-қабаты, 304-бөлмесінде 10.00-17.00 ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс 13.00-14.00 дейін

Байланыс телефондары:  8 (725 33) 63601

Ұялы тел: 8 702 498 06 65  Динара Зулпихарова