Директорлар мен жетекші ғылыми қызметкерге вакансия жариялайды

2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1.ҒЗИ-ҒЗО
№ | Қызмет орны | Қызмет атауы | Штат бірлігі |
1 | Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығы | Директор | 1,0 ш.б. |
2 | Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығы
| Жетекші ғылыми қызметкер
| 1,0 ш.б. |
3 | Ботаникалық бақ ғылыми-зерттеу институты | Директор | 1,0 ш.б. |
1. Біліктілік сипаттамаларына сәйкес анықталатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
1. ҒЗО директорына басқару жұмыстарын кәсібилікпен атқаратын жоғары білімді, ғылыми атағы және дәрежесі бар, 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс;
-ҚР Ғылым туралы заңын білуі тиіс;
-ҚР Білім туралы заңын білуі тиіс;
-Қызметін орындау мәселеріне сәйкес әдістемелік нұсқауларды білуі тиіс;
- Өз қызметін орындауға қатысты заңды және нормативті актілерін білуі тиіс.
2 .ҒЗО жетекші ғылыми қызметкер жоғары білімі бар, ғылыми-зерттеу жұмыстарды кәсібилікпен атқаратын қажеттілікке ие, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс;
-Ғылыми-зерттеуді ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттарды білуі тиіс;
-Қызметін орындауға сәйкес ғылым саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды білуі тиіс;
-Ғылыми-зерттеу орталығы ережесін білуі тиіс.
3. Ботаникалық бақ ғылыми-зерттеу институтыны директорының қызметіне ботаника, агрономия, ауылшаруашылық және биология саласындағы биология ғылымдарының докторы, ғылым кандидаты академиялық дәрежесі бар тұлға болуы тиіс.
-Декоративті ағаш және бұта өсімдіктерінің күннің ыстығы мен аязына төзімділігі ерекшеліктерін білуі тиіс;
-Интродукция саласындағы соңғы жетістіктерді білуі тиіс;
-Көшет өндірудің агротехникалық әдістерін білуі тиіс.
Университет қызметкерлері:
Сырттан келген үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:
3) Өмірбаян;
4) Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
5) Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
6) Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Ескерту:
Қосымша деректер:
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В, Ректорат (103 бөлме)
Өзге қаладан конкурсқа тапсыратын үміткерлер құжаттарды aknur.kaldybayeva@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберуге болады.
Қосымша ақпаратты Адам ресурстарын басқару бөлімінің қызметкері Калдыбаева Акнур Аймаханбетовна, 8701-326-27-79 телефонына хабарласып алуға болады.