СҮЙІНШІ ХАБАР: «HIKMET»  ЖӘНЕ «TURKIC HISTORICAL STUDIES» ЖУРНАЛДАРЫ КУӘЛІК АЛДЫ

  • 27.06.2024
  • KZ

Оқу ордамыздың Философия, дінтану бағыты бойынша «Hikmet» және де   тарих, археология бағытындағы  «Turkic historical studies» атты жаңадан ашылғалы отырған журналдардың Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат Комитетіне тіркеліп, оларға «Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы» Куәлік алынғанын қуана хабарлаймыз.

Аталған екі бағыттағы журналдар Университетіміздің Ғылым комитетінің 05.10.2023 жылғы мәжілісінде қаралып, №1 хаттамамен бекітілген 5.4 шешіміне байланысты  бекітілген болатын. 

Ендігі кезекте,  осы екі журналдың өз бағыттары бойынша сапалы да мазмұнды мақалаларды жариялау негізгі мақсат. Сонымен қатар, импакт-факторын көтеру, белгілі бір мерзімде бұл басылымдарды ҚР ҒЖБМ-нің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізу үшін барлық күш-жігерді салу қажет.

Ендеше, баршаңызды осы мақсатты жүзеге асыруға үлес қосуға шақырамыз. Сіздерден өздеріңіз зерттеп жүрген ғылыми жұмыстарыңыздың нәтижелерінен тұратын өзекті мақалаларыңызды күтеміз.

Журналдар жайлы қосымша мәліметтер келесі сілтемелерде: 

https://journals.ayu.edu.kz/index.php/turkic-historical-studies

https://journals.ayu.edu.kz/index.php/hikmet