Постдокторантура бағдарламасы негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

  • 20.08.2024
  • KZ

Хабарландыру!!!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті академиялық 3 жыл мерзімге постдокторантура бағдарламасы негізінде конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Постдокторантура бағдарламасына (2 орын) үміткерлер конкурстық комиссияға  келесідей құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. Белгіленген нысан бойынша жоба жетекшісінің өтінімі (1-қосымша);
2. Белгіленген нысан бойынша постдокторантура бағдарламасына үміткердің өтінімі (2-қосымша);
3. Жеке куәлігінің көшірмесі;
4. Кеңейтілген кәсіби түйіндеме – ғылыми паспорт (3-қосымша);
5. Жобаға қатысу үшін қажетті нақты дағдыларды, жұмыс тәжірибесін ашатын уәждемелік хат (1000 белгіден артық емес);
6. Зерттеу қызметі мен жарияланымдарына арналған күнтізбелік жоспары (4-қосымша);
7. Web of Science, Scopus базаларындағы соңғы 5 жыл аралығында индекстелетін журналдардағы ең маңызды және негізгі жарияланымдардың тізімі;
8. Ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі туралы дипломның көшірмесі. Ағылшын тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі расталған аудармасымен болуы тиіс;
9. IELTS немесе TOEFL сертификаты (IELTS сертификаты 6.0 балдан төмен емес / TOEFL сертификаты 90 балдан төмен емес, ҚР және ТМД азаматтары үшін);
10.Тиісті саладағы ғалым-зерттеушілерден жұмыс беруші ұйымның қолдарымен және мөрімен расталған екі ұсыныс (егер мұндай мүмкіндік болса).
11.Медициналық кітапша, флюрография;
12.ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
13.Психоневрологиялық ұйымда еспке тұрмайтыны туралы анықтама;
14.Наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты - 2024
жылдың 20 тамыз сағат 18:00-ге дейін. Барлық құжаттар электронды түрде (сканерленген түрде) мына мекен-жайға жіберіледі postdoc@ayu.edu.kz  немесе төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29, ректорат ғимараты, №401 (ішкі) бөлме, байланыс тел.: +7 (72533) 6-36-36 ішкі 16-12; e-mail: postdoc@ayu.edu.kz

Ескерту: Құжаттардың толық пакетінің болмауы ізденушіні конкурстан шығаруға негіз болуы мүмкін. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Конкурстық комиссияның отырысы қосымша
хабарланады.

Конкурсқа қатысатын үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары

1. Ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі немесе оған теңестірілген ғылыми дәрежесі бар және постдокторантура бағдарламасына түсу кезінде соңғы 6 (алты) жылдан аспайтын мерзімде диссертациясын қорғаған болуы;
2. 40 жасқа дейінгі ҚР азаматтары немесе шетелдік азаматтар;
3. Ағылшын тілін еркін меңгеруі (IELTS сертификаты 6.0 балдан төмен емес/TOEFL сертификаты 90 балдан төмен емес, ҚР және ТМД азаматтары үшін);
4. Соңғы 3 жылда Web of Science (бірінші және екінші квартильдер) немесе Scopus (процентилі 75-тен төмен емес) библиометриялық базасына кіретін халықаралық рецензияланатын басылымдарда кемінде 3 жарияланымының болуы;
5. Гранттық, бағдарламалық-мақсатты және өзге де келісім-шарттық қаржыландырудың ғылыми бағдарламаларын орындау кезіндегі ғылыми қызмет үдерістеріне қатысу тәжірибесі бар үміткерлер байқауға қатысуға шақырылады.

Постдокторантура бағдарламасынан өту ережелері

1. Постдокторант университетпен ғылыми жоба шеңберінде белгілі бір жұмыстарды орындауға кемінде 3 (үш) жыл мерзімге еңбек шартын жасасады. Шартты 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге ұзартуға унисерситеттің Сенат мәжілісінің оң шешімі болған жағдайда жол беріледі;
2. Постдокторант ғылыми кеңесшінің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Ғылыми кеңесшілер постдокторант қабылданған күннен бастап бір ай ішінде факультеттердің немесе ҒЗИ/ҒЗО-лардың ұсынысы бойынша университет ректорының бұйрығымен бекітіледі;
3. Ғылыми кеңесші постдокторанттың жеке жұмыс жоспарын әзірлеуге және бекітуге қатысады, оның ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді;
4. Постдокторантураны өту мерзімі ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі ретінде есептеледі;
5. Постдокторантураны аяқтаудың негізгі критерийі қорытынды аттестаттау талаптарына сәйкес ғылыми жарияланымдардың болуы болып табылады;
6. Постдокторанттың педагогикалық жұмыспен айналысуға құқығы бар, бұл ретте оқу жүктемесінің көлемі 0,5 шаттық бірлікті аспауы керек. Постдокторанттың оқу жүктемесіне 5 ECTS аспайтын бір пән (әдетте, магистратура немесе докторантураның оқу жоспары пәні) және дипломдық жұмыстарға, сондай-ақ, ғылыми зерттеу бағыты бойынша кемінде 1 докторлық және (немесе) 2 магистрлік диссертацияларға жетекшілік ету кіреді;
7. Постдокторанттар университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен ай сайынғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі;
8. Постдокторанттар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және Ғылым және стратегиялық даму вице-ректорының келісімі бойынша ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға құқылы;
9.Университеттің зертханалық жабдықтарына, әлемдік ақпараттық ресурстарға және кітапхана қорларына тегін және шексіз қолжетімділікке ие болады.

 

Қосымша-1

Қосымша-2

Қосымша-3

Қосымша-4