Медиа және PR орталығы вакансия жариялайды

2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Медиа және PR орталығы
№ | Қызмет атауы | Штат бірлігі |
1 | SMM-менеджер | 1,0ш.б. |
Біліктілік сипаттамаларына сәйкес анықталатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар: https://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/04/ylymi-pedagogikaly-biliktilik-sipattamalary.pdf - сілтеме кіріп, танысу қажет.
1. SMM-менеджер қызметкердің біліктілік талаптары:
- 1. SMM-менеджер қызметіне білімі жоғары, журналист, маркетинг және PR бойынша кәсіби білімі бар және сала бойынша еңбек өтілі 1 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.
1.2. SMM-менеджер білуге тиіс:
- ҚР Конституциясын:
- «БАҚ туралы» Заңды;
- «Тіл туралы» Заңды
- университет басшыларының өкім, бұйрықтарын, әкімшілік-шаруашылық қызметіне қатысты нормативтік және басшылық құжаттарды;
- университет құрылымын және бөлімшелердің дамуының келешегі мен бағытын;
- құжаттарды толтыру тәртібін;
- компьютерде жұмыс істеуді;
- диктофон, камера, фотоаппарат, сканер, факс және тағы да басқа қызметіне қажетті техникалық құралдармен жұмыс істеу тәр тібін;
- Еңбекті ұйымдастыру негіздерін;
- Еңбек кодексін;
- Еңбек қатынастары немесе өзгеде шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін университет жайында хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті асыру;
- осы қызметтік нұсқауды.
1.3 SMM-менеджер белгіленген тәртіппен атқаратын қызметіне сәйкестілігі жөнінен аттестаттаудан өтеді.
.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) еңбек кітапшасы
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2024 жылдың 31 шілде, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/aup.ahch-konkurs-erezhesi-2023.pdf сайтында танысуға болады.