Жастар орталығы мен Ботаникалық баққа конкурс жариялайды

2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1.Жастар орталығы, Ботаникалық бақ
№ | Жұмыс орны | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Жастар орталығы | Тәрбиеші | 1,0 ш.б. |
2 | Ботаникалық бақ | Шаруашылық жөніндегі директор орынбасары | 1,0 ш.б |
3 | Ботаникалық бақ | Бас ғылыми қызметкер | 1,0 ш.б |
4 | Ботаникалық бақ | Жетекші ғылыми қызметкер | 1,0 ш.б |
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) Білім туралы дипломдардың салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
4) наркологиялық ұйымнан анықтама;
5) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
Комиссия хатшысы Адам ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
күні мен уақыты: 2024 жылдың 04 қыркүйек, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІменуниверситеттіңhttps://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.