Медиа PR орталығы конкурс жариялайды

2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Медиа және PR орталығы
№ | Жұмыс орны | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Медиа және PR орталығы | Журналист | 1,0ш.б. |
2 | Медиа және PR орталығы | SMM-менеджер | 1,0ш.б. |
3 | Кәсіби бағдар және маркетинг бөлімі | Маман | 1,0ш.б. |
4 | Жастар орталығы | Маман | 1,0ш.б. |
Біліктілік сипаттамаларына сәйкес анықталатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар: https://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/04/ylymi-pedagogikaly-biliktilik-sipattamalary.pdf - сілтеме кіріп, танысу қажет.
1.Журналист қызметіне жоғары білімді немесе филологиялық кәсіби білімі бар және осы салада 1 жыл еңбек өтілі бар тұлға болуы тиіс;
- ҚР Конституциясын:
- «БАҚ туралы» Заңды
-Диктофон, камера, фотоаппарат, сканер, факс және басқа қызметіне қажетті техникалық құралдармен жұмыс істей білуі тиіс.
2. SMM-менеджер қызметіне білімі жоғары, журналист, маркетинг және PR бойынша кәсіби білімі бар және сала бойынша еңбек өтілі 1 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.
- ҚР Конституциясын:
- «БАҚ туралы» Заңды;
- «Тіл туралы» Заңды
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) еңбек кітапшасы
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2024 жылдың 13 қыркүйек, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.