Шаруашылық департаменті, "АИ" дәрігерлік амбулаториясы конкурс жариялайды

2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Шаруашылық департаменті, «АИ» дәрігерлік амбулаториясы
№ | Жұмыс орны | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Ғылыми кітапхана | Ғимарат меңгеруші | 1,0ш.б. |
2 | «АИ» дәрігерлік амбулаториясына | Мейірбике (декреттік орын) | 1,0ш.б. |
1.Ғылыми кітапхана ғимаратының меңгерушісі жоғары білімі бар болуы тиіс;
2.Өз міндетіне қатысты материалдық бухгалтериялық есептерді білуі тиіс;
3. Мейірбике қызметіне орта кәсіби медициналық білімі бар тұлға болуы тиіс;
4. ҚР «Еңбек кодексін» білуі тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) Білім туралы дипломның көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) еңбек кітапшасы
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2024 жылдың 17 қыркүйек, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.