Студенттік асхана конкурс жариялайды

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1.Студенттік асхана
№ | Қызмет атауы | Штат бірлігі |
1 | Аға аспазшы | 1,0 ш.б. |
2 | Аспазшы | 1,0 ш.б. |
3 | Сервис қызметкері | 2,0 ш.б. |
5 | Касса операторы | 0,75 ш.б. |
6 | Сатушы | 0,5ш.б |
7 | Ыдыс жуушы | 1,0 |
-Аға аспазшы, Аспазшы Орта кәсіби білімі және 1 жыл жұмыс өтілі болуы қажет;
-Өрт қауіпсіздігі, санитарлық талаптардың орындалы тәртібін білу қажет;
-Еңбек техникалық қауіпсіздігін сақтау ережелерін білуі тиіс;
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) Білім туралы дипломдардың көшірмелері;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2024 жылдың 20 қыркүйек, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.