Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «8D01503(6D011000) – Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Батырбекова Ақнұр Жарқынбекқызының «Болашақ физика мұғалімдеріне «Молекулалық физика» курсын кәсіби бағытта оқытудың әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациясын кафедраның кеңейтілген отырысында алдын ала талқылау.
Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ғылыми кеңесшілер:
Турмамбеков Торебай Абдурахманович – физика-математика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ., Қазақстан).
Сарыбаева Әлия Қожанқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ., Қазақстан).
Шетелдік ғылыми кеңесшісі: Чорух А.– PhD., профессор, Сакарья университеті (Сакарья қ., Түркия).
Ресми рецензенттер:
Жолдасбекова Cауле Абдразаковна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ., Қазақстан).
Курбанбеков Бакытжан Алимханович – phD, аға оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ., Қазақстан).
Диссертацияны алдын ала қорғау 2024 жылғы 6 қараша сағат 15.00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтеді.
Мекен-жайы: №3 ғимарат, № 307 аудитория.