Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тлеубекова Ленура Абдуалимовнаның «Зияткерлік мектептерде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбындағы диссертациясын кафедраның кеңейтілген мәжілісінде талқылау.
Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ғылыми кеңесші:
Атемова Қ.Т. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Гюндуз Саметтин. - социология ғылымдарының докторы, профессор. Абант Иззет Байсал, Болу қ., Түркия.
Ресми рецензенттер:
Кішібаева Д.Ж. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Омарова Г.А. - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика және психология» кафедрасының қауым. профессоры, Мирас университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертацияны кафедраның кеңейтілген мәжілісінде алдын ала қорғау 2024 жылдың 14 қараша күні сағат 11.00-де мына мекен-жайда өтеді: Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, №3 ғимарат, №234 аудитория.