Медиа PR орталығы,Экология ҒЗИ конкурс жариялайды

  • 04.11.2024
  • KZ

image

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

1. Медиа және PR орталығы,Экология ҒЗИ

    Жұмыс орны       

         Қызметі

   Штат бірлігі

1

Медиа және PR орталығы

Журналист

1,0ш.б.

2

Экология ҒЗИ 

Бас ғылыми қызметкер

1,0ш.б.

3

Экология ҒЗИ

Ғылыми қызметкер (декреттік орын)

1,0ш.б.

4

Экология ҒЗИ

Лаборант

1,0ш.б.

    1.Журналист қызметіне жоғары білімді немесе филологиялық кәсіби білімі бар және осы салада 1 жыл еңбек өтілі бар тұлға болуы тиіс;

-  ҚР Конституциясын:

- «БАҚ туралы»  Заңды

-Диктофон, камера, фотоаппарат, сканер, факс және басқа қызметіне қажетті техникалық құралдармен жұмыс істей білуі тиіс.

2.Бас ғылыми қызметкер жоғары кәсіби білімі, ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданып жүрген, қажетті біліктілікке ие,осы салады 5 жылдан кем емес тұлға болуы тиіс.

3.Ғылыми қызметкер жоғары кәсіби білімі, ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданып жүрген, қажетті біліктілікке ие, магистр дәрежесі бар тұлға болуы тиіс.

4. Лаборант жоғары білімді болуы тиіс.

Қажетті құжаттар тізімі:

         1) түйіндеме;

2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) наркологиялық ұйымнан анықтама;

6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Қосымша деректер:

  1. Комиссия хатшысы Адам ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур,  электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
  2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
  3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы 

          күні мен уақыты: 2024 жылдың  11 қараша, сағат 18-00 дейін.Бас ғылыми ,Ғылыми қызметкердің уақыты 19 қараша сағат 18-00дейін.

 

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.