Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Құқықтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Болат Аюбайұлы Қалмурзаевтың «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жүйесі аясында діни экстремизмге қарсы мемлекеттік-құқықтық іс-әрекет мәселелері» тақырыбындағы диссертациясын кафедраның кеңейтілген мәжілісінде талқылау.
Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ғылыми кеңесші:
Битемиров Қ.Т - заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. М.Ауэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Ph.D, профессор Өмер Өзкан., Түркия.
Ресми рецензенттер:
Шалхаров Е.С. – заң ғылымдары саласындағы философия докторы. Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Иманбекова М.М. – заң ғылымдары саласындағы философия докторы. Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертацияны кафедраның кеңейтілген мәжілісінде алдын ала қорғау 2024 жылдың 18 қараша күні сағат 14.00-де мына мекен-жайда өтеді: Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, №3 ғимарат, С.Ж.Пралиев атындағы конференция залы