Студенттік «Инновациялық стартап жоба» конкурсы

  • 29.11.2024
  • KZ

Студенттік «Инновациялық стартап жоба» конкурсы
2024 жылы 10 желтоқсанда Студенттік «Инновациялық стартап жоба» конкурсы өтетінін хабарлаймыз. Бұл конкурс студенттерге өздерінің инновациялық стартап жобаларын дамытуға, коммерцияландыруға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Конкурстың негізгі мақсаттары:

1.    Ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін ең перспективалы инновациялық технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қатысу арқылы жастардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашуға, іске асыруға жағдай жасау;
2.    Университет білім алушыларын кәсіпкерлікке ынталандыру, кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру және дамыту;
3.    Коммерцияландыру әлеуеті жоғары жобаларды анықтау, қолдау;

Конкурс туралы мәліметтер:
●    Қатысушылар: Қожа Ахмет Ясауи университетінің барлық курс студенттері.
●    Өтетін уақыты: 10.12.2024.
●    Жүлде қоры және мүмкіндіктер: 
o    Университет тарапынан берілетін қаржылай марапаттар және жобаларды әрі қарай дамытуға мүмкіндік беретін серіктестер мен инкубациялық бағдарламалар.
o    Қаржылай сыйлықтың 60% мөлшері, жобаның дамуына қажетті құрал-жабдықтарға, материалдарға, іс-сапар шығындарына, өзге ұйымдар қызметіне жұмсалуы керек.
●    Өтініштерді қабылдау мерзімі: 06.12.2024 ке дейін
Конкурс бойынша негізгі талаптар
Конкурска төмендегі бағыттар бойынша жобалар қабылданады:
1.    Жасыл энергетика (энергетика мен энергияны) үнемдеу;
2.    Химиялық технология,нанотехнология және биотехнология;
3.    Өндірістік және құрылыс технологиялары;
4.    IT технологиялар; 
5.    Медицина, медициналық жабдықтар мен технологиялар, фармация;
6.    Робототехника;
7.    Қауіпсіз көлік(жол қауіпсіздігін ұйымдастыру);
8.    Ең жақсы лайфхак (өмірге арналған жаңа құрылғылар);
9.    3D басып шығару және жаңа материалдар; 
10.    Гаджеттерге арналған мобильді қосымшылар;
11.    Экологиялық инновациялар;
12.    Нано-импульс-нанотехнологиядағы инновациялар;
13.    Білім беру инновациялары.
Конкурс кезеңдері: 
1.    I кезең: Конкурска өтінімдер қабылданады.
2.    II кезең: Конкурстық комиссия көмегімен коммерциялық потенциалы жоғары өтінімдер іріктеледі.
3.    III кезең: Қатысушылардың презентациялары мен ауызша баяндамарлары тыңдалып, үздік жобалар анықталады.
Конкурска өтінім беру тәртібі:
●    Өтінім беруші төмендегі мәліметтерді толтыруы қажет; 
○    Жобаның толық атауы;
○    Қатысушы немесе қатысушылар тобының аты жөні (толық);
○    Факультеті, мамандығы, тобы, курсы;
○    Жобаның сипаттамасы;
○    Жобаның бағыты;
○    Жобаның мақсаттары мен міндеттері;
○    Жобаның өзектілігі;
○    Ағымдық жағдай (мәселе) және мәселені шешу жолдары;
○    Қаржылық негіздеме және күнтізбелік жоспар; 
○    Әлкуметтік-экономикалық тиімділік;
○    Техникалық сипаттама және технологияларды сипаттау;
○    Зияткерлік меншік туралы ақпарат.

●    Өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар;
○    Мәтін мөлшері 12 және Times New Roman көлемі барлық текст бойынша 1,25 см;
○    Барлық ашық жағынан 2 см;
○    Ені бойынша түзетілген.
○    III кезеңде жоба туралы кемінде 7 беттен тұратын презентация дайындалуы керек.

Қатысу талаптары:
1.    Қатысушылар өз жобаларының толық сипаттамасын ұсынуы керек.
2.    Жоба түпнұсқалы болуы және коммерцияландыруға мүмкіндігі болуы тиіс.
3.    Командалық және жеке қатысуға болады, бірақ команданың құрамында 5 адамнан көп болмауы керек.
4.    Материалдар қазақ, орыс және түрік тілінде қабылданады.
5.    Қатысушылар үшін жоба қорғау регламенті 7 минуттан аспайды.

“Yasawi Startup” бизнес-инкубаторлық бағдарламасының қатысушыларына арналған талаптар:
1.    Yasawi Startup бизнес-инкубаторлық бағдарламасының сертификатына ие немесе 4 кезеңнен сәтті өткен қатысушылары тікелей үшінші кезеңге өтеді; 
2.    Қатысушылардың жоба туралы толық жазылған кемінде 10 беттен тұратын презентациясы болу керек;
3.    Жобаның MVP-і (минимальді өміршең өнімі) болуы талап етіледі;
Қалай өтінім жіберуге болады: Жоғарыда көрсетілетін ақпараттар толтырылып, өтінімдер комерцияландыру офисінің электронды адресіне (yasawi.startup@ayu.edu.kz) “Студенттік инновациялық жобаларды коммерцияландыру конкурсына” деген тақырыппен жіберу керек.
Жобаға қатысу талаптары мен ақпараттары бойынша қосымша ақпараттарды төмендегі телефон арқылы алуға болады:
+7 777 962 8083
Электронды пошта: yasawi.startup@ayu.edu.kz