Университет негізгі штаттағы оқытушыларына "Аға оқытушы" лауазымына өтуге конкурс жариялайды

  • 20.12.2024
  • KZ

image

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов даңғылы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген кафедраларының негізгі штаттық оқытушыларына Аға оқытушы лауазымына өтуге  конкурс жариялайды.

Кафедра атауы

Штат бірлігі

 

Жаратылыстану факультеті

1

Математика

1,0

2

Физика

1,0

3

Биология

3,0

 

Инженерия факультеті

1

Электр инженериясы

1,0

2

Компьютерлік инженерия

2,0

 

Филология факультеті

1

Ағылшын филологиясы және аударма ісі

1,0

2

Педагогикалық шетел тілдері

1,0

3

Орыс тілі және әдебиеті

3,0

4

Жалпыакадемиялық ағылшын тілі

4,0

5

Түрік филологиясы

1,0

 

ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті

1

Жалпы дәрігерлік практика №1

2,0

2

Жалпы дәрігерлік практика №2

3,0

3

Хирургия және анестезиология-реанимация

1,0

4

Педиатрия

2,0

5

Ішкі аурулар

3,0

6

Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер

2,0

7

Неврология, психиатрия, наркология

2,0

8

Жұқпалы аурулар және фтизиатрия

1,0

 

 

 

 

Медицина факультеті

1

Хирургиялық аурулар

5,0

2

Ішкі аурулар

2,0

3

Арнайы клиникалық пәндер

1,0

 

Стоматология факультеті

1

Хирургиялық және балалар жасындағы стоматология

2,0

2

Терапиялық және ортопедиялық стоматология

3,0

3

Фундаментальды медициналық ғылымдар

1,0

 

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

1

Тарих

1,0

2

Журналистика

1,0

3

Педагогика және психология

2,0

 

Теология факультеті

1

Философия

2,0

 

Спорт және өнер факультеті

1

Дене мәдениеті

4,0

2

Орындаушылық өнер

3,0

3

Бейнелеу өнері

5,0

 

Дайындық орталығы

1

Қазақ, орыс тілдері бөлімі

5,0

2

Ағылшын тілі бөлімі

2,0

3

Түрік тілі бөлімі

1,0

 

Негізгі еңбек функциясы: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу,  Ғылыми-зерттеулер жүргізу, Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру, Білім алушы жастарды әлеуметтендіру: 

Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура), ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.

Профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасу ережесімен  университеттің  https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/OPK_konkurs_erezhesi.PDF сайтында танысуға болады.

Қажетті  құжаттар тізімі

  1. Университет ректорының атына өтініш.
  2. Түйіндеме (фото, толық аты-жөні, туылған жері, бітірген оқу орны, еңбек жолы толық қамтылған);
  3. Факульеттің сараптама комиссиясының ұсынысы;
  4. Соңғы 3 жылдағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттары;
  5. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  6. Бітірген оқу орны және/немесе ғылыми-педагогикалық магистратура дипломдары;
  7. Соңғы 3 (үш) жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (Сенат хатшысымен расталған, сілтемесімен);
  8. Соңғы 3 (үш) жылдағы Оқу-әдістемелік еңбектерінің тізімі (Кітапхана директорымен расталған);
  9. Соңғы 3 (үш) жылдағы марапаттары, жетістіктері.
  10. Видеосабақ (төмендегі сілтемеге жүктеледі)

Жоғарыдағы белгіленген тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау және өтініштер мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзу үміткерді Конкурсқа қатыстырмау үшін негіз болып табылады.

ЕСКЕРТУ: Құрметті үміткерлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды PdF формада төмендегі сілтеме арқылы өтіп толтыру қажет екендігін ескертеміз. Сілтемемен толық танысып, құжаттың дұрыстығын тексеріп, бір рет қана жіберіңіз. Егер қажетті құжаттар тізімі толық толтырылса және дұрыс болса, конкурсқа қатысуға жіберілесіз.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScWqpr7go78lE6WsQkSRWOU8ZkBYw9-3DTZ4DVMb9yf6peU-g/viewform

Қосымша деректер:

  1. Комиссия хатшысы Кадр бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур,  электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
  2. Бос лауазым конкурсы 15 күнтізбелік күнге жарияланады.
  3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы 

          күні мен уақыты: 2024 жылдың  20 желтоқсан, сағат 18-00 дейін.