Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 6D011400 - «Тарих педагогтарын даярлау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Юсуф Жахангирдің «Осман империясы мен Түркістан өлкесінің білім беру тарихы және оқыту мен әдістемелік жүйелерінің сабақтастығы (ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басы)» тақырыбындағы диссертациясын кафедраның кеңейтілген мәжілісінде талқылау
Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ғылыми жетекші:
Динашева Л.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор. Халықаралық Туризм және меймандостық университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесші:
Атемова Қ.Т. – педагогика кафедрасының профессоры. Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Шетелдік ғылыми жетекші:
Ерджиласун К. – тарих ғылымдарының докторы, профессор. Анкара Хажы Байрам Уели университеті, Анкара қ., Түркия Республикасы.
Ресми рецензенттер:
Тұрсұн Х.М. – тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Жолсейтова M.– тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертацияны кафедраның кеңейтілген мәжілісінде алдын ала қорғау 2024 жылдың 24 желтоқсан күні сағат 14.00-де мына мекен-жайда өтеді: Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, №3 ғимарат, №223 аудитория.