Экология ғылыми-зерттеу институты конкурс жариялайды

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1.Экология ҒЗИ
№ | Жұмыс орны | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Экология ҒЗИ | Ғылыми қызметкер (декреттік орын) | 1,0ш.б. |
2 | Экология ҒЗИ | Лаборант | 1,0ш.б. |
1.Ғылыми қызметкер жоғары кәсіби білімі, ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданып жүрген, қажетті біліктілікке ие, магистр дәрежесі бар тұлға болуы тиіс.
2. Лаборант жоғары білімді, компьютерде еркін жұмыс жасай білуі болуы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) еңбек кітапшасы
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2024 жылдың 26 желтоқсан, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.