ХАБАРЛАНДЫРУ!
.png)
Оқу ордамызда жылдағы дәстүр бойынша «III YASAWI WINTER SCHOOL» өтетінін хабарлаймыз!
Жобаның мақсаты – оқу орнымыздың оқытушы-профессорлар құрамы мен әкімшілік қызметкерлерінің ғылым, академия, халықаралық байланыстар және спорт салалары бойынша білімдері мен біліктіліктерін арттыру, ұжым арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланыстырды нығайту.
8-қаңтарда бастау алатын YASAWI WINTER SCHOOL аясында теория және практика ұштасатын семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады.
Қысқы мектептің алғашқы аптасы Академиялық мәселелерге арналады. Бұл апталықта, яғни, 8-10 қаңтар аралығында университет оқытушыларына арналған «Силлабустардың құрылымын жетілдіру» тақырыбында семинар-практикумдар өтеді. Семинардың мақсаты – пәндер бойынша силлабус құруға қажетті практикалық дағдыларды игеру.
БАРША ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ YASAWI WINTER SCHOOL-да КҮТЕМІЗ!