Жастар орталығы,АИ дәрігерлік амбулаториясы конкурс жариялайды

  • 10.01.2025
  • KZ

image

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

1. Жастар орталығы, «АИ» дәрігерлік  амбулаториясы

   Жұмыс орны         

Қызметі

   Штат бірлігі

1

№6 қыздар жатақханасы

Тәрбиеші

1,0ш.б.

2

«АИ» дәрігерлік амбулаториясына

Мейірбике (декреттік орын)

2,0ш.б.

  1. Жатақхана тәрбиешісі жоғары педагогикалық  білімі бар 3 жылдық педагогикалық тәжірибесі  болуы тиіс;

     2. Мейірбике қызметіне орта кәсіби медициналық білімі бар тұлға болуы тиіс;

  Қажетті құжаттар тізімі:

         1) түйіндеме;

2) Білім туралы дипломның көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) наркологиялық ұйымнан анықтама;

6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

7) еңбек кітапшасы

Қосымша деректер:

  1. Комиссия хатшысы Адам ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур,  электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
  2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
  3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы 

          күні мен уақыты: 2025 жылдың  17 қаңтар, сағат 18-00 дейін.

 

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.