Буфеттер арқылы дайын тағамдарды сату үшін жалға беруді өткізуді ұйымдастыру

  • 20.01.2025
  • KZ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты буфеттер арқылы дайын тағамдарды сату үшін жалға беруді өткізуді ұйымдастыру

 

Лот №1. «Дайын тағамдарды буфеттер арқылы сатуды жалға

беру»

 

Жұмыс уақыты: қосымшаға сәйкес.

Қызмет көрсету мерзімі: Келісім шартқа отырған күннен бастап - 31.12.2025ж дейін.

Жалға алушыға қойылатын талаптар:

  1. Тапсырыс беруші «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесімен осы хабарламаның қосымшасында белгіленген алаңға сәйкес (1-текше метрге) асхана блогын жалға алу келісім шартына отыруға міндетті; Тапсырыс беруші «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» қызметкерлері осы жалға алуға қатысуы шектеледі.
  2. Асхана блогын, яғни жалға алынған алаңды арнайы құралдармен дезинфекциялауға, сондай-ақ ыдыс-аяқтарды жуу құралдарын өз қаражаты есебінен жүзеге асырады;
  3. Нақты тұтынуды негізге ала отырып, коммуналдық қызметтер (су, электр энергиясы, жылу) үшін шығындырды өтеуі шарт;
  4. Қызмет көрсету барысында майысқан, шеті соғылған, эмалі зақымданған, сынған немесе жарылған ас үй және асхана ыдыстарын қолдануға рұқсат етілмейді;
  5. Ас үй жабдығы, элементтері (электр плита, сантехникалық құрылғылар т.с.с) сынған немесе істен шыққан жағдайда өз есебінен жөндеуге міндетті;
  6. Дайын тағамдардың сапасы қолданыстағы нормативтік–техникалық құжаттар мен белгіленген санитариялық талаптарға және нормаларға сәйкес келетініне кепілдік беру:
  7. Конкурстық іріктеуде жеңімпаз атанған кәсіпкер келісім-шартқа отырғаннан кейін жалға алған орнына жөндеу және декоративтік әрлеу жұмыстарын өз есебінен жүргізуге міндетті.
  • ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін;
  • ҚР «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» Заңын;
  • «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар» және өзге де нормативтік актілерді сақтауға тиіс;
  1. Объектіде персоналдардың еңбек шарты мен жеке бас гигиенасын сақтау шарты қалыптасады. Асхана блогы қызметкерлеріне, техникалық персоналдарға арнайы киімдер беріледі (халат немесе күртеше шалбарымен, бас киім, аяқ киім). Объект қызметкерлері жеке бас және өндірістік гигиенаны сақтайды: қол тазалығы, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, обьекттен шыққанда және әжетханадан кейін, үзіліс арасында сондай-ақ таза емес құралдарды ұстаған жағдайда сабынмен қолдарын жууға тиіс;
  2.  Дайын тағам түрлері сонымен қатар, маркеттік сатылымдағы тауарлар (сусындар, шоколадтар т.б) бағаларының көрсетілуі, дайын тағамдар үшін ас мәзірінің болуы шарт; Ас мәзірінде ұсынылатын дайын тағам түрлерінің өлшемі «грамм» түрінде көрсетілуі керек.

Қатысу шарттары: Жалға алуға қатысуға баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:

  1. Әлеуетті өтінім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
  2. Әлеуетті өтінім берушінің мемлекеттік кіріс органдарында берешегі жоқ туралы анықтамасы;
  3. Әрбір күнге ұсынылатын дайын тағамдардың ас мәзіріндегі бағаларын және «грамм» түріндегі өлшемін, сонымен қатар басқа да тәтті тағамдарды (бар болса) көрсетулері тиіс;
  4. Жалға алушының медициналық кітапшасы болуы тиіс, егер штаттық кестеде қызмет көрсететін персоналдары болған жағдайда олардың медициналық кітапшаларын қоса өткізу шарт;
  5. Аспазшылар мен асханалық қызмет көрсететін персоналдарда Тубдиспансерлік және Тері венерологиялық диспансерлік есепте тұрмайтыны туралы анықтама болуы керек. 
  6. Жалға алушы кәсіпкер мен оның персоналдары арасында өзара келісім-шарттары болуы тиіс (персоналы бар болған жағдайда);

Әрбір жалға алушы тұлғалар конкурстық өтінімдердің аяқталу мерзіміне дейін конверттер ұсынуы шарт. Конверттің желімделген бөлігінде тиісті тұлғаның қолы, мөрі басылуы тиіс. Әрбір парақтар сандық жүйе бойынша нөмірленіп,  баға ұсыныстары қоса берілуі керек. 

Комиссия мүшелерінің шешімімен келесі шарттардың бәріне немесе үстем бөлігіне сәйкес келетін конкурс қатысушыларының арасынан жеңімпаз тұлға анықталады:

Дайын тағамдар үшін ас мәзірінің бағалары немесе жалға алынатын орынға ұсынылған баға, басты талап болып табылмайды.

 

 

Конкурсқа қатысуға ниетті әлеуетті өтінім берушілердің құжаттары Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, №29В ректорат ғимараты, 210 кабинетінде қабылданады. Хабарландыру университеттің сатып алу сайтында жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде өтінімдер қабылданады. (27.01.2025ж сағат 10:00 ге дейін) Комиссия отырысы 27.01.2025ж сағат 12:00-де ректорат ғимаратының 201 кабинетінде өткізіледі. 

Ахмет Ясауи университетіне қарасты жалға берілетін буфет және асханалардың тізімі.

Жалға берілетін буфет/асханалардың мекен-жайы

Қаласы

Шаршы ауданы м2

Атауы

Жалға алуға шекті баға (1-айға)

1

Шымкент институты асханасы А.Байтұрсынов,№7/7

Шымкент

85,00 м2

Асхана

20 000

2

 Шымкент институты асханасы Быковский ,№54

Шымкент

80,00 м2

Асхана

20 000

3

Б. Саттарханов даңғылы 29, №5 жатақхана

Түркістан

67,66 м2

Буфет

100 000