Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1. Шаруашылық департаменті
№ | Қызмет атауы | Штат бірлігі |
1 | №8 оқу ғимаратына еден жуушы (декреттік орын) | 1,0 ш.б |
Еден жуушы Орта орта білімі болуы тиіс;
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) Білім туралы дипломның көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
4) наркологиялық ұйымнан анықтама;
5) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2025 жылдың 03 ақпан, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.