Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
2025 жылғы 18 сәуірде «М.Балақаев оқулары – 2025» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетінін хабарлаймыз.
Конференцияның мақсаты: Тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы өзекті мәселелерді айқындау, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы ғалымдар еңбектерінің маңызын саралау, тіл мен әдебиетті оқытудың концепциялары мен тиімді әдіс-тәсілдеріне талдау жасау, қоғамдағы тіл мен әдебиеттің қызметін айшықтау мақсаты қойылды.
Конференцияның міндеті: тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы заманауи тенденцияларды айқындау; қазақ тіл білімі мен әдебиеттану саласында ғылыми көзқарастарының мәні мен маңызы айрықша ғалымдардың ғылыми еңбектеріне талдау жасау, олардың принциптерін ұғындыру; тіл мен әдебиетті оқытудың ерекшелігін түсіндіру; жаңамен бірге классикалық білім берудің де маңыздылығына тоқталу; білім берудегі заманауи тенденциялардың ұтымдылығын дәлелдеу.
Конференция бағыттары:
1.Тіл білімінің өзекті мәселелері;
2. Әдебиеттану саласындағы ізденістер;
3. Білім беру мен тәрбие үдерісіндегі ғылымдар интеграциясы: дәстүр мен жаңашылдық.
Конференция материалдары негізінде жинақ жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады.
Мақала рәсімдеу үлгісі:
· Көлемі 5-6 бетке дейін
· Бет параметрлері: жоғарғы жағы - 2 см, төменгі жағы - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1,5 см.
· Times New Roman шрифті, шрифт мөлшері – 12 pt
· Қатар аралық интервал біреу; азат жол - 1 см; кітаптық; колонтитулсіз және бетті көрсетпеу керек; текст көлемі бойынша түзуленген;
Конференцияны ұйымдастыру жарнасы – алынбайды. Авторларға конференция материалдарының жинағы электрондық нұсқада ұсынылады.
Мақалалар 2025 жылғы 15 сәуірге дейін қабылданады.
Көрсетілген мерзімнен кешіктірілген немесе талаптарға сәйкес келмеген материалдар қарастырылмайды және авторларға қайтарылмайды.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, байланыс телефоны: +7 702 342 5777; 8-701-655-16-28; Электронды пошта: zhazira.isaeva@ayu.edu.kz және zhanat.yergubekova@ayu.edu.kz
Конференцияға қатысуға өтінім:
Өтініш
Тегі
Аты
Әкесінің аты
Ғылыми дәрежесі, атағы
Жұмыс орны
Лауазымы
Мекенжайы
Қызмет телефоны
Ұялы телефоны
Электронды поштасы
Конференция жұмысының бағыты
Баяндама тақырыбы
Конференцияға қатысудың барлық шығындары қатысушының өз есебінен болады.