7М02212 - Түркітану білім беру бағдарламасы 1-курс магистранттарының 2024-2025 оқу жылына жарты жылдық жұмыс және МҒЗЖ-I жұмыс нәтижелері талқыланды.
20.02.2025
KZ
1122
2024 жылы 25 желтоқсан куні Түрік филологиясы кафедрасында 7М02212 - Түркітану білім беру бағдарламасы 1-курс магистранттарының 2024-2025 оқу жылына жарты жылдық жұмыс және МҒЗЖ-I жұмыснәтижелерінің қорытындысын талқыланды. 1 курс магистранттары Гүлже Эмре мен Есенгелді Гүлнұр Бақтыбайқызыөздерінің магистрлік диссертациялары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәліметтер берді. 7М02212 - Түркітану білім беру бағдарламасы 1-курс магистрантыГүлже Эмре«Türkiye Türkçesinin Türk Soylulara Öğretiminde Sosyal Etkinliklerin Kullanımı»тақырыбы бойынша зерттеу жұмысының орындалу есебін баяндады. Диссертация тақырыбын, жұмысының мақсаты, міндеті, жоспарыментаныстырды. Ол сондай-ақ жұмысының 25% пайызы дайын екендігін айтып өтті. Ғылыми жетекшісімен бірлесіп істеген жұмыстары жайлы түсіндірді. 7М02212 - Түркітану білім беру бағдарламасы 1-курс магистрантыЕсенгелді Гүлнұр Бақтыбайқызы«Kazak ve Türk psikolojik romanlarının yapı, tema ve anlatım bakımından karşılaştırılması (20. yy. Başı)» тақырыбы бойыншадиссертацияық жұмысы жайында баяндама жасады. Магистрант жұмысының мақсаты, зерттеу әдістері, диссертацияның тәжірибе жүзінде қалай іске асырылатындығы жайында түсіндірді. Сондай-ақ магистрант зерттеу жұмысында қазақ романдарынан Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», ал түрік романдарынан Ш. Рауфтың «Eylül» (Эйлүл) романын салыстырмалы түрде алғанын және жұмысының 25% пайызы жасалғанын атап өтті. Есеп берген 7М02212 -Түркітану білім беру бағдарламасы 1-курс магистранттарының МҒЗЖ -1 есептері жоғары бағаланды.